Bugin

"5 қыздың орнына бір ұл туып бермедің": ер адам әйелінің аузына арақ құйған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

“Астарлы ақиқат” бағдарламасында Әділбек Мәметалиев қазір 5 перзентінен жырақта. Ол “ішімдікке әуес әйелім мені араққа әуес еткісі келді” деп айыптап отыр. Бәріне әйелінің құрбыларын кінәлайды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Ол “балаларымды әйеліммен қалдыруға қорқамын” дейді. Жұп 2007 жылы отбасы құрған. Ортақ 5 қызы бар. Әйелінің бірінші некесінен 1 ұлы бар. Ер адам әйелінен балаларын алғысы келеді.

Есенгүл есімді әйелін журналист іздеп барған. Әйел ішімдік ішпеген, үйінде арақтың бөтелкесі жоқ. Әйел күйеуіне балалардың керек еместігін, тек өзінен кек алғысы келетінін айтып налыды. Ол аядай 1 бөлмеде жәрдемақыға күн көріп отыр.

“Ол өтірік айтып отыр. Мен жынды емес шығармын, қыздарымды тастап кетіп қалмайтын шығармын. Оған балаларымды бермеймін. Ол әдейі істеп отыр қарындасы екеуі. Ол несімен асырайды, алқаш қой”,-деп налыды келіншек.

Отбасы Моңғолиядан көшіп келген. Келіншек күйеуі таласқан 5 қыздың орнына бір ұл туып бермедің деп айыптағанын айтты. Келіншек:

“Ол әдейі істеймін дейді. Ол ұрып, қылқындырды. Күйеуім аузыма арақ құяды. Іш деп ұрады. Елдің әйелі ұл туып береді, сен тек қыз туасың деді. Мен Алланың бергенін тудым”,-деді.

Бағдарлама әлі жалғасады.