Bugin

“Қарызға баттық”: көпшіліктен ақша алған компанияға қылмыстық іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Шетелде жұмысқа орналастырамыз" деген компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияға 1 миллион теңге беріп әлі шетелге бара алмай жүрген азамат Қайрат Мұсаев:

"Мен 500 мыңға көлігімді сатып төледім. Қалған 500 мың кредит. Кредит төлеп жатырмыз. Не істейміз енді? Қарызға баттық. Жұмыстан шығып кеттік. Мысалы, маған «бір айдың ішінде кетесің» деді. Миллион деген кезде Англия деп айтты. 20 күннен кейін Англияның Президенті қайтыс болыпты, оның баласы, қазір болады деді. Болмайтын болып, Польша деді. Польша болмағаннан кейін Нидерланды деді. Әр қаланы айтты. Ұлыбритания деді. Барсаң күзет қойып қойған. Кіргізбейді»,-деп айтты.

«Алдандық» деген жұрттың бұлай жиналғаны алғаш емес. Былтыр да компанияның кеңсесіне кіре алмай кері қайтқан. Полицияға жаппай арыз түсірсек те, тергеу сол күйі қозғалмады деп отыр. Енді адвокат жалдап, ақшасын қайта даулауға мәжбүр.

Жәбірленушілер жалдаған адвокат Тілеужан Кішкенебаев:

"Бұл кісілердің арызданған адамын енді әкеліп жатыр. Кеше тергеудің бастығына айтқанмын «сендер не себептен үш айдан бері арыз түскеннен кейін әкеліп отырсыңдар, неге арыз түскен күні әкелмедіңдер» деп едім, анау-мынау деді, Қазақстанда болмады дейді. Негізі Қазақстаннан еш жаққа кетпеген. Ол жақта ешқандай да жұмыс жоқ екенін айтты. Ол жақ пен компанияның арасында келісім жоқ екенін айтып отыр. Олардың мұндай жұмысқа тұрғызатын мүмкіншіліктері де жоқ екенін анықтап отырмыз",-деді.