Bugin

"Аманай мен Заманай": Атамекенін аңсаған қазақтардың қилы тағдыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин

"Аманай мен Заманай" – қазаққа аты таныс роман әрі фильм атауы. Шығарманың авторы – Сәкен Жүнісов. 1 ақпан – жазушының туған күніне орай Bugin.kz порталы оқырманға "Аманай мен Заманай" романы туралы деректер ұсынады.

Сәкен Жүнісов 1934 жылы 1 ақпанда Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. 

Фотоколлаж: bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

Фотоколлаж: bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

Уикипедия сайтының мәліметінше, "Аманай мен Заманай" романы 1987 жылы повесть ретінде жарияланып, кейін едәуір толықтырылған.

"Туындыға 1930-шы жылдардың дүрбелеңіне тап келген қазақ ауылдарының тағдыры оқиға етіп алынған. Оқиға ұжымдастыру кезінде жат жерге қоныс аударған қазақ аулының жүдеу тіршілігінен бастау алып, шегіністер арқылы суреттелген" делінген материалда.

Kitap.kz сайтының мәліметінде Сәкен Жүнісовтің повесінде ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс бергені жазылған.

"Ұжымдастыру уақытында жат мекен, өзге қонысқа қоныстанған қазақтардың сұрықсыз өмірі, күйбең тірлігінен сыр беретін повес романға арқау болар ауыр жүкті арқалаған. 

"Жат жерде жүрген қазақтың елін, жерін сағынып, көксеуі Отанға деген нағыз махаббатын көрсетеді. Өзге топырақта күн кешіп, өзге судан ішіп, өзге ауамен тыныстаса да, жүргегі темірқазық туған жері үшін соғып, кіндік қаны тамған өлкені бір сәтке болсын естен шығара алмауы оқырманның тұла бойын нәзік сезімге толтырып, ұлтын, жерін сүюге үндейді. Повестің өскелең ұрпаққа берері мол. Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелейтін повесть қазақ прозасындағы шоқтығы биік туынды болып қала бермек" делінген жазбада.

Роман 2018 жылы ағылшын тіліне аударылды.

1997 жылы шығарма бойынша "Заманай" атты көркем фильм түсірілді.

"1930 жылдары қазақтардың көпшілігі Қытайға көшіп жатты. Солардың ішінде бір байдың қызы болады. Бірақ қыздың әкесін өлтіріп кетеді. Көп жылдар өткен соң, ол өзінің немересін ата-анасынан айырып, өзінің туған еліне аттанады. Ұзақ жол жүріп, ол өзінің туған еліне қайта алмай, қайтыс болады. Оның өз еліне қайтуына тағы бір себеп бар болатын. Ол себеп - өзінің жас кезінде сүйген адамы Атымтай" деп жазылған Уикипедия материалында.

Дереккөз: Wikipedia.kz, kitap.kz сайттары