Bugin

“Бес балам күтіп отыр”: Африкадағы қазақ құлдықтан құтқаруды сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. видеодан скриншот

“Көреміз” бағдарламасында Африканың Нигер Республикасында тұтқындалған 2 қазақтың тағдыры айтылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстаннан Нигер еліне бизнес жасауға аттанған жігіттерге кейіпкеріміз араб тілінен аудармашы болып барады. Арап Түсіпжанов Нигер еліне бара салысымен құжатын тартып алған. Медициналық жабдықтар апарғанда, ер адам қамауға алынған. Себебі ол келісімге отырған компания алаяқтарға тиеслі болып шығыпты.

Компания жабылып, директоры да түрмеге тоғытылған. Тек тексереміз деп алынған құжаттар қайтарылмаған. Төрт айда елшіліктен қайран болмаған.

Істі Мейірман Шекеев қолына алып, Қазақстанның 2 азаматын елге қайтаруға көмек көрсетпек.