Bugin

"Келісім бермеген": Шымкентте қыз алып қашқан жігіт қамауға алынды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысының тұрғыны шымкенттік бойжеткенді алып қашып бара жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Шымкент қалалық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз бен жігіт әлеуметтік желіде танысқан. Жігіт танысқанына көп уақыт өтпей Шымкент қаласына келген. Ол  қызды келісімсіз алып қашқан. Видеодан қызды күштеп машинаға отырғызып жатқанын байқауға болады. Қыз бітіруші курс студенті болған. Жәбірленушінің отбасы полицияға арыз жазған. Бойжеткен үйіне қайта оралды. 

Мұндай қылмыс жасағандар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Істі қала прокуратурасы бақылауға алды.

Оқиға видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.