Bugin

"5 баласын жас еркекке айырбастады". 24 жастағы келіншек күйеуін алдап тұрмысқа шығып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Көреміз" бағдарламасынан

Мағжан есімді азамат әйелінің опасыздығын айтып, көпшілікке шындығын жеткізді. Шаңырағы шайқалған азаматтың әйелі некеде бола тұра, өзге біреуге тұрмысқа шығып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеп.

Бағдарлама кейіпкерінің айтуынша, 8 жыл бұрын отасқан келіншегі өзгені таңдаған. 24 жастағы келіншек 5 баласы мен жұбайын тастап, жас жігітпен бас қосқан.

"Маған "Яндекс" арқылы қосымша жұмыс істеймін" деп кеткен. Жарайды, артық ақша болады, істесін дегенмін. Бір күні маған біреу қоңырау шалады. "Братан, сенің әйелің менің жанымда" дейді ғой. "Жоқ, мен әйелім "Яндекске" кетті ғой бір сағат бұрын" деп айттым. "Жоқ, менің жанымда. Жүріп жүргенімізге 2 ай болды" дейді.

"Ондайдан Құдай сақтасын. Ішпесем, шекпесем, әйелімді ұрмасам, менен кетпейді ғой" дедім. Әйеліме хабарласқанымда, "Қош бол, болды" дегеннен басқаны айтпады", - дейді Мағжан Жарылқасын.

Сүйген келіншегінің мұндай әрекетіне қайран қалған Мағжан бұл тек балалары үшін төзіп жүргенін айтады. Алайда ол үшін ауыр соққы болғаны – келіншегінің өзге біреудің шаңырағында ақ орамалды келін атанғаны.

"Әйелімді таппадық. Полицияға да бердік. Ар жағында Ақтаудан бір шықты. Оған тіпті беташар жасаған екен. Бала да үйін алдап, "қыз алып келдім" деп босағасына келін етіп түсірген. 1997 жылғы баламен Яндексте танысқанын ғана білемін", - дейді кейіпкер.

Екінші рет тұрмысқа шыққан келіншек ең алғаш рет 15 жасында ақ босаға аттаған екен. Ол Мағжан Жарылқасынмен заңды некеде болмаған. Өзге біреуге тұрмысқа шыққан келіншектің бірінші күйеуінен 5 баласы бар.