Weekend

Бүгін балалар әдебиетінің атасы туған күн

Қазақстанның халық жазушысы – Мұзафар Әлімбаев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

29 қазан күллі қазақ балалар әдебиетінің атасы, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың туған күні.

1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды атырабында дүниеге келген. Жазушы 2017 жылы қараша айында дүниеден озды. Артына мол мұра мен қазақ балалар әдебиетіне үлкен еңбек қалдырған жазушының туындыларын балалар ғана емес, жалпы оқырман сүйіп қабылдайды.

Бүгінгі таңда бүлдіршіндердің ең сүйікті журналына айналып үлгерген «Балдырған» басылымын құрып, 25 жыл Бас редактор қызметін атқарған.

Данадан қалған нақыл сөздер:

Ана тілі
Ананың құнар сүті ғой,
Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі
Халқыңның ырыс-құты ғой,
Игілігіңе кенелетін.

Орны-орнына кімді қоймас бұл уақыт!

Көптен қалмау - көкке самғау емес. Әсіресе, өнерде.

Кеңістік пен уақытты,
Жеңген қандай бақытты.
Заман соған соғады,
Даңқ деген тақытты.

Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді.

Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен.

Дүниенің қорлығы - дүмшелердің зорлығы.

Өнер тағына рұқсатсыз отырар болар.

Өз жазғанының өнерсізін өшіре алмаған - өнерімен оқырманын өсіре алмас.

«Осыны мен неге жазбадым екен» дегізген жыр ұзақ жасайды.

Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.