Bugin

Үйінділер астында қалған. Алапат жарылыстан 11 адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: day.az

Үндістанның орталығында орналасқан штаттардың бірінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мадхья-Прадеш штатындағы Байрагар ауылындағы жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапқаны туралы ақпаратты Times of India басылымы жариялады.

Алдын ала таралған мәліметке сәйкес, жарылыс болған сәтте көптеген тұрғындар үйінді астында қалған.

«Бұл жарылыс кезінде 11 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жарақат алды. Оқиғаға 50-ден астам жедел жәрдем, 400 полицей, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Жарылыс салдарынан қаза тапқандардың мүрдесіне жету мүмкін болмай тұр. Себебі апат болған жерде алапат өрт болып жатыр.Қазір құзырлы органдар қызмет атқаруда.