Bugin

“Өзім қаламаған өмірді сүрдім”: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы жанайқайын жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Жанар Байсеміздің "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасында Әнел Ниязбекова сырын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
Әнел өзініңің өміріне өкпелі екенін жеткізді. Бірақ ата-анасын тапса, оларды не жағдай болса да қабылдайтынын айтты.

"Өмірге өкпелі болдым. Өз тағдырымды таңдай алмағаныма қапалы едім. Ашуға булықтым. Өзімді кінәлі сезіндім. Бірақ туған анам мен әкемді кінәләған емеспін. Басқа достарымды да",- деді бойжеткен. 


Әнел Ниязбекова анасына жазған хатында өзінің өкінішін білдірді.

"Мені, Қазақстанның бір жерінде судан тауып алыпты, деп естідім. Бұл шын ба, өтірік пе білмеймін. Кейде бір жаман ойлар келеді… Сен шынымен мені жалғыз тастап кеттің бе?! Мүмкін сен мені жоғалтып алған шығарсың? Мүмкін мен абайсызда суға ағып кеткен шығармын?! Ал, сен болсаң, мені шарқ ұрып іздеген шығарсың?! Өкінішті",- деді ол.