Bugin

9 жасар оқушы 62 жастағы әйелге үйленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Оңтүстік Африкада 9 жасар Санеле Масилелой бес баласы бар, 62 жастағы Хелен Шабангуға екінші рет үйленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Олардың алғашқы үйлену тойы былтыр өткен еді. Көне дәстүрге сәйкес жас жұбайлар екі рет некеге тұру тиіс: біріншісі күйеу жігіт үйінде болса, екіншісі қалыңдық үйінде. Онсыз бұл неке ресми болып саналмайды.

Жас жеткіншекті бұндай қадамға атасының түсіне еніп аян беруі итермелеп отыр.

Ал Хелен Шабангудың күйеуі болса, оған түсіністікпен қарап, қолдады, тіпті 3 мың доллар көлемінде қаржылай сыйлық та жасады.

"Біз марқұм атамыздың өсиетін орындауға міндеттіміз. Егер біздің ұлымыз атамыздың аруағының айтқанын орындамаса, оған бір жамандық келер еді", ― дейді күйеу жігіттің ата-анасы.

Жас жұбайлардың айтуынша, олар бірге тұрмайды. Уақыт өте келе кішкентай күйеу жігіт өзімен құрдас қызға үйленбек ойы бар екенін айтуда.