Bugin

Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengrinews.kz

 

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу нәтижесінде Арыстанбек Мұхамедиұлына аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенді деп айып тағылды. Іске пара беруге делдал болды деп айыпталған шенеуніктің әйелі мен адвокат қатысты. Адвокатқа аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Сот үкімімен Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. 2023 жылдың маусымында ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Осы үкім ескеріліп, бұрынғы шенеунік 11 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды.