Bugin

"69 бала шетінеген": сәбилердің өліміне себеп болған дәрі анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Ташкентте бірнеше ондаған баланың өмірін қиған Doc-1 Max сиропына қатыстылардың ісі қаралып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі turna_uz  парқшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сот отырысында сөйлеген прокурор айыпталушының кінәсі сот талқылауы барысында келтірілген дәлелдемелердің арқасында дәлелденгенін айтты.

Ол Өзбекстанға сироп әкелумен айналысқан «Курамакс медикал» серіктестігінің директорын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Фармацевтикалық желіні дамыту агенттігінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасарлары 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ прокурор олардың әрқайсысын үш жыл мерзімге материалдық жауапты қызметтер атқару құқығынан айыруды талап етті.

Прокурор айыпталушылардан өлген 68 және ауыр жарақат алған 16 бала үшін 100 миллион сум, жеңіл жарақат алған екі баланың әрқайсысы үшін 20 миллион сум өндіруді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Doc-1 Max сиропы Өзбекстанда 69 баланың өліміне себеп болған.

Тағы да қызық әрі жаңа ақпараттарды қараңыз.