Bugin

"Жылап, көмек сұрады": Алматы әкімімен кездесуде әйел есінен танып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуге келген әкімге келіншек басына түскен мәселесін баяндаймын деп талып қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр үйі өртеніп, соның кесірінен мүгедек баласымен далада қалғаны аздай, келіншек 32 милион теңгеге қарызға батқан. Өйткені қызыл жалын оның көршісінің учаскесіндегі жатақхананы да шарпыған. Жатақхана иесі қаражатты өндіруді талап етіп, оны сотқа берген. Ал әйел үйіне жапсарлас тұрған ғимараттың әу баста заңсыз салынғанын дәлелдей алмай, Досаевтан көмек сұрады.

 Шаһар басшысы бірден құрылыс басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментіне істің ақ-қарасын анықтауды тапсырды.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев:

"Біріншіден, құрылыс басқармасының басшысына ғимарат құрылысының заңдылығын, ал төтенше жағдайлар департаментіне өрттің қай жерде және неге шыққанын, құрылыс нормалары сақталды ма, жоқ па, соны анықтауды тапсырамын. Әділет департаментіне мәселе шешілгенше келіншекті мүгедек баласымен баспанасынан қумауды сұраймын",-деп айтты.