Bugin

"Анам баламды сатып жіберді": Алматы облысында әйел 5 айлық сәбиін іздеп жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Алматы облысында отыз жастағы келіншек бес айлық баласына іздеу салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.

Гүлшат Аманалиева 9 ай 9 күн құрсағында көтерген баласын дүниеге әкеліп, бар-жоғы екі күннен соң айырылып қалған. Қуанышқа орай, сәби аман. Ана мен баланың ортасына түскен туған-туыстар екен. Гүлшаттың айтуынша, анасы әже атанғанына қуанғанның орнына шу шығарған.

"2022 жылы желтоқсан айында ауылға барғанмын. Сол кезде мен зорлықтын құрбаны болып, бала көтеріп қойдым. Мен оны басында білмедім, тек 3-4 айында білдім. Анам естіп, білгеннен кейін ұрып-соғады", дейді Гүлшат.

Жағдайымды түсінер деп сырын әпкесіне айтқан Гүлшат жаға ұстатарлық жаңалық естиді. 

"Төрт айға жақындағанда анамның сіңлісіне алдыруға көмектесіңізші деп өтініш жасадым. Ол кісі мерзімі үлкен, алдыруға келмейді деді. Артынша "баланы менің келініме бер, ол босана алмай жүр" деді. Бірақ олар алмайтын болды. Тағы біраз өткен соң 10 жылдан аса бала көтере алмаған құрбысына беруді ұсынады. Мен келіскендей болдым", дейді оқиға кейіпкері. 

Бірақ, Гүлшат ұлын қолына алып, аналық махабатын білдірген соң оны басқаға беруге қарсы болып, перзентханадан баламен қашып кеткен.

"Артынша туыстарым "бала саудасымен айналысты деп шағымданамыз" деп қорқытты.  2 күннен соң баламды тараздық ерлі-зайыпты алып кетті. Одан кейін баламды көрмедім", дейді Гүлшат.

Құжат бойынша Тәуекелдің анасы Гүлшат, ал әкесі  асырап алған отбасының отағасы екен. Баланы асырап алғандар келіншектің өз еркімен бергенін айтты. Осы оқиғадан  кейін олар Тәуекелді туған анасына қайтарып беруге келісті.