Bugin

Жас жігіт өзінің экс-сүйіктісін алып қашқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Елордада азамат ауа райының салдарынан экс-сүйіктісін алып қаша алмай қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" пультіне 20 жастағы қызды еркінен тыс Daewoo Nexia автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен. Қоңырау шалушының хабарлауынша, кешкі уақытта туысы екеуі жұмыстан қайтып келе жатқанда тұрғын үйдің ауласында оларға көлік жақындап келіп, ішінен төрт жігіт түсіп, әпкесін күштеп көлікке отырғызып алып кеткен.

"Көлік пен ұрланған қызды іздеу үшін қалада "Ұстау" жоспары енгізілді. Бірден жедел ізіне түскен полицейлер күдіктілер тізгіндеген көлікті аңдып, тоқтатты. Белгілі болғандай, жігіттер оны Түркістан облысына апармақ болған. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан қаладан шыға алмаған",- делінген хабарламада. 

Белгілі болғандай, қыз жігіттің экс-сүйіктісі екен. Қазіргі уақытта адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.