Bugin

Джеки Чанның қайтыс болғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: фильмнен кадр

Аты аңызға айналған қытайлық актер және жекпе-жек шебері Джеки Чан 2023 жылы 25 желтоқсанда Шанхайдағы Лин Шан ауруханасына түсті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Dzen.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кейбір мәліметтер бойынша, дәрігерлер актердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 69 жастағы актер Джеки Чан Шанхай ауруханасының біріне шұғыл түрде жатқызылды. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып, дәрігерлер оған барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Чанның ауруханаға жатқызылуы туралы барлық жаңалықтар қытайлық әлеуметтік желілерден белсенді түрде жойылды және бұл туралы хабарлаған аккаунттар бұғатталды.

Әзірге жекпе-жек шеберінің жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ, Джеки Чанның отбасы мен достары оның денсаулығына қатысты пікір білдірмеді. Сондықтан қазіргі уақытта актердің тағдыры туралы ештеңе белгісіз және қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте.

Балқанда түсірілім кезінде актердің ауыр бас ми жарақатын алып, күрделі ота жасатқаны туралы да ақпарат бар.