Bugin

Астанада базар өртенді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Астанада "Шарын" базары өртенді, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Қазір елордалық құтқарушылар өртті сөндірген.

Базар аумағында жеке тұрған ангарда жиһаз бен шаруашылық тауарлары өртеніп кетті. Ауданы 30 шаршы метрді құрайтын өрт сағат 05:05-те толығымен ауыздықталған.

Қызыл жалынды дер кезінде тоқтатуға Төтенше жағдай департаменті жеке құрамының 10 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылған. Өрттен қаза тапқандар туралы дерек тіркелген жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.