Bugin

"Сүйінші, қазақ елі!": Илья Ильин қуанышты жаңалығын бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Фото: sports.kz

Танымал спортшы Илья Ильин сәбилі болды. Ол жұбайы Татьяна екеуі ата-ана атанғаны туралы жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Сүйінші, қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады! Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматы Ильина Аили Ильинична болмақ. Біз жоспарлы кесарь тілігін істеттік. Бәрі жақсы өтті! Бойы: 50 см, салмағы: 3 келі 178 грамм. Бізді қолдағандардың барлығына алғысымыз шексіз! Біз сіздерді қатты жақсы көреміз!" - деп жазды спортшы.

Айта кетейік, бұл спортшының екінші некесі. Бірінші некесінен де қызы бар.