Bugin

Қостанайда кәріз құдығына құлаған қыз құтқарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: halyq-uni.kz

Кәріз құдығына құлап кеткен алты жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК-ға сілтеп.

Қостанайда әуежай шағын ауданында аулада жүрген кішкентай қыз абайсызда шұңқырға түсіп кеткен.

Төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару жасағы қыздың өмірін арашалап қалды. Құтқарушылардың хабарлауынша, кәріз құдығындағы шайынды судың деңгейі 70 сантиметрге дейін жеткен.

Қыз ағып кетпей, құтқарушылар келгенге дейін жағаға жармасып, ерлік көрсетіпті. Дегенмен қақаған аязда далада қалған қыз бала әдбен тоңып қалған.

Қазір ойын баласы дәрігерлердің бақылауында.