Bugin

“3 балл”: Алматыда тағы да жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық сейсмологтар 24 ақпан күні сағат 4 сағат 58 минутта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде Қытай аумағында 6,1 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алматылықтар күші үш балл болатын сілкіністі сезінді. Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, үрейленбеуге кеңес берді.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл - афтер сілкінісі. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13,6 балл болды. Тереңдігі - 5 км.