Bugin

Елімізде биыл көктем қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

"Қазгидромет" синоптиктері көктем мезгілінің наурыз-мамыр айларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы көктем айларына арналған маусымдық ауа райы болжамы төмендегідей:

Наурызда Қазақстанның солтүстік облыстарында қыс мезгіліндегідей суық ауа райы күтіледі, қар жиі жауып, бұрқасын болады. Жер көктайғақ болып, тұман түседі деп болжанады. Ауа температурасы түнде минус 15-25°С -қа түсіп, аяз болады.

Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасы күндіз 2-7°С көрсетіп, жылымық сезіледі. Айдың үшінші онкүндігінде ауа температуры 5-15°С -қа көтеріледі.

Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерінде наурызда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жиі болады. Ауа температурасы түнде 0,-10°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз 0,+10°С-тан +10+18°С-қа дейін көтерілуі байқалады.

Сәуір және мамыр айларында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады деп күтіледі.  Тек мамырда елдің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон нормаға шамалас болады деп болжайды.

Сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормаға сәйкес, солтүстік-батыс аймағында нормадан аз, елдің оңтүстік, оңтүстік – шығыс, шығысының таулы аймақтарда нормадан жоғары болады.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес болады деп болжанып отыр.