Bugin

"115 миллион доллар": желіде әлемдегі ең қымбат тойдың видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Әлеуметтік желілерде рекорд орнатқан тойдың видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз. Салтанатты той Үндістанда өткен. Тойдың барлық шығыны 115 миллион долларды құрады. Той 3 күнге созылған. 

Үндістандағы дәулетті отбасының кенже баласы үйленген. Гуджарат штатындағы 51 мың халық та тойға қатысқан. Айтулы тойға әлемдік жұлдыз Рианна келіп ән шырқаған. Желі қолданушылары әнші ән айқаны үшін 7 миллион доллар алатынын жазды. 

Сонымен қатар тойда миллиардерлер де бой көрсеткен. Марк Цукерберг пен Билл Гейтс тойдағы суреттерін желіде жариялады.

Тойдағы киім үлгісі де ерекше болған. Бірінші күні ерлер қара галстук тағып, қыз-келіншектер сәнді көйлек киюі тиіс болған. Ал тойдың екінші күні барлық қонақтар үнділердің ұлттық киімін киген.