Bugin

Ресейде Қазақстанның екі азаматын өлтіріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Кейбір БАҚ-тар Ресейде Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыру кезінде көзі жойылғаны туралы ақпарат таратты. Бұл мәліметті ҚР ҰҚК растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекетену кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстан азаматтары екендігі, олардың Ресейде болғаны расталады. Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Тексеру шаралары РФ Федеральды қауіпсіздік комитетінің ынтымақтастық арнасы аясында тығыз байланыста жүзеге асырылуда",- деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.