Bugin

Қазақстанда су тасқыны: 10 аймаққа қауіп төніп тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ТЖМ

"Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров 14 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны болуы мүмкін 10 өңірді атады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"Қазгидромет" мамандарының болжамынша, наурыз айының соңына дейін температура фонының жоғарылауы күтіледі, бұл қардың қарқынды еруіне және су басу қаупіне әкеледі екен

"Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салалары мен Тобыл бассейндеріне ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстан Республикасында, Рогидрометтің мәліметінше, жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты", - деп қосты "Қазгидромет" РМК өкілі.