Bugin

"Алдағы күндері аяз болады": 19-21 наурызға ауа райы болжамы жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20, 21 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Синоптиктер болжауынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етуінен жауын-шашын болуы мүмкін. 21 наурызда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар, ал 20 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

"21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурызда күндіз, 20-21 наурызда күндіз Жамбыл облысында, 21 наурызда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауады.

20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында жауын-шашын болмайды. Елдің бар аймағында жел күшейеді, тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік пен орталықта бұрқасын, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнауы мүмкін", - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстігінде ауа температурасы түнде 7-18 градус аязға дейін барса, күндіз 6 градусқа дейін жылиды. Республиканың оңтүстік жартысында түнде 0-10 градус аяз, ал күндіз 3-18 градусқа дейін біртіндеп жылуы мүмкін.