Bugin

"Ораза бұзылады". Қандай әдеттерден арылу керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Рамазан айында мұсылман қауымы жаппай ораза ұстауға ниет етеді. Алайда ауыз бекіткенде кей амалдарды істеуге тыйым салынады. Bugin.kz тілшісі ораза ұстап жүргенде жасауға тыйым салынатын әрекеттерді ұсынады.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ауыз бекітуге қарамастан қасақана су ішу немесе тамақ жеу оразаны бұзады. Ал байқамастан тамақ жеп, су ішсеңіз оны дереу түкіріп тастау қажет. Сол кезде ораза бұзылмайды.

Оразаны бұзатын - темекі, электронды темекі мен  ішімдіктер.  Ораза ұстаушы мұндай жаман заттардан бойын аулақ ұстауы тиіс.

Ауырып не сырқаттанғанда да ниет етушінің денсаулығы жарамаса ауыз бекітпеген абзал. Себебі мұрын және құлаққа дәрі тамызу да оразаны бұзады. Дәрі көмейге түсетін болса онда ораза бұзылады.

Тамақты не ауызды кез келген сұйықтықпен шаю барысында оны жұту не көмейге кетуі кезінде ораза бұзылады. 

Оразада әдейі құсуға болмайды. 

Қыз баласына, әйел адамға етеккір келгенде ауыз бекітуге тыйым салынады.