Bugin

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

"Қазгидромет" синоптиктері  Алматы және тағы төрт қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"2024 жылғы 19 наурызда Атырау, Ақтөбе, Алматы, Теміртау қалаларында, түнде  қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райының бұзылуына атмосферадағы ластаушы заттар ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.