Bugin

Енді әйелдер де әскерге шақырылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Global Look Press/IMAGO/Francis Joseph Dean

Дания билігі әйелдерді әскери қызметке шақыра бастайтынын хабарлады. Дания Еуропадағы Норвегия мен Швециядан кейінгі әйелдер әскери борышын өтеуге міндеттеген үшінші ел болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Коммерсант басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Әйелдерді әскерге шақыру туралы заң 2026 жылы күшіне енеді деп күтілуде.

Данияның қарулы күштерінің саны 20 мыңға жуық адамды құрайды, оның 9 мыңы кәсіби әскери қызметкерлер.

Өткен жылы Дания Қарулы Күштерінде 4,7 мың мерзімді әскери қызмет өткерді, оның 25 пайызы әйелдер. Қазір әскерге шақырылғандар төрт ай қызмет етеді. Жаңа бағдарлама бойынша қызмет ету мерзімі 11 айға дейін ұлғайтылады; Алғашқы 5 айда мерзімді әскери қызметшілер базалық курсты меңгереді. Ал қалған уақытта әскери бөлімдердің бірінде, соның ішінде Әскери-теңіз және Әскери-әуе күштерінде қызмет етеді.

Дания үкіметінің шешіміне сәйкес, қорғаныс шығындары бес жыл ішінде 6 миллиард долларға артып, елдің жалпы ішкі өнімінің 2 пайызын құрайды. Қазір бұл шығындар жалпы ішкі өнімнің 1,4 пайызын құрайды.

Шығындардың артуы Данияға НАТО-ға мүше елдер үшін белгіленген деңгейге жетуге мүмкіндік береді. Қаржы 2028 жылға қарай әуе қорғанысының жерүсті жүйелерін құруға және 6 мың адамға дейінгі механикаландырылған бригаданы құруға бағытталады.

Үкіметтің шешіміне түсініктеме берген премьер-министр Метте Фредериксен:

"Біз Данияны қайта қаруландырмаймыз. Өйткені біз соғысты, жойылуды немесе қайғы-қасіретті қалаймыз. Біз қазір халықаралық тәртіпке таласып жатқан әлемде соғысты болдырмау үшін қайта қаруланудамыз",-деп айтты.