Спорт

Қос чемпиондық белдіктің иесі – Жәнібек Әлімханұлы

Қазақтың баласы топ жарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелесте (АҚШ) мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері атанды.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа созылды. Уақытынан бұрын бірі біріне мықтылығын мойындата алған жоқ. Дегенмен Жәнібек ширақ қимылдап, қарсыласынан қарымды екенін алғашқы раундтардан-ақ байқатты. Төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетіп, бос болған екі бірдей чемпиондық белбеуді беліне тағынды.

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-ғы төртінші жекпе-жегінде-ақ чемпиондық белбеуді иеленді. Оған дейін елімізде екі кездесу өткізген. Барлық жекпе-жектерінде қарсыластарын айқын жеңіп келеді. Әуесқой бокста Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Дереккөз: Massaget.kz