Bugin

Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

2024 жылғы 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр.

26 наурызда еліміздің батысында (Батыс Қазақстан, Атырау) жаңбыр, сондай-ақ 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жаңбыр күтіледі.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы күтіледі.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.