Bugin

“5 айлық бала бар”: мас жүргізуші бір отбасын түгелдей қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Испанияның Ланзароте аралында мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші туристер отбасын қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Оқиға Плайа Бланка курортында болды. 23 жастағы шетелдік әйел мас күйінде көлікке отырып, тротуарға шығып кетіп, өтіп бара жатқан адамдарды қаққан.

Салдарынан 6 турист зардап шекті. Оның ішінде Швециядан келген анасы мен қызы, сондай-ақ ұлыбритантялық отбасы да бар. Апаттың кесірінен бес айлық бала қаза тапты, оның әкесі мен әжесі ауыр жарақат алды. Қазір зардап шеккендердің барлығы ауруханада жатыр.