Bugin

Аягөзде 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Абай облысында 3 адам жоғалып кетті. Қазір іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғалғандардың біреуі суға батып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. Ал тағы екі адам өздері жұмыс істейтін шаруа қожалығына трактормен бара жатып, өзеннің ортасында тұрып қалған. 

Көмекке барған ауылдастары атпен құтқаруға әрекеттенген. Құтқарушыларға хабар бергенше, трактор аударылып, ондағы адамдар жоғалып кеткен. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен ауыл тұрғындары қайық және дронмен іздеп жатыр.