Bugin
Фото: ptoday.com
Елімізде алдағы күндері жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК 28-30 наурыз күндеріне арналған ауа райына болжам жасады.
Мамандардың айтуынша Қазақстандағы ауа райы Екатеринбург аудандарынан ауқымды циклонның әсерінен суытады. Алдағы күндері бірнеше қалаларда жауын-шашын болып, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады.
Еліміздің оңтүстігінде 30 наурызға дейін ауа температурасы төмендеуі күтілуде.
Сондай-ақ, Республика аумағында қатты жел соғуы мүмкін.