Bugin

Әйелі қайтыс болған ер адам 2 қызына бірнеше жыл зорлық көрсеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: arakchi.uz

Әлеуметтік желіден Өзбекстан балалар омбудсменіне жасөспірім қыздан шағым видео түскен. Ол туған әкесінің түрлі зорлық-зомбылығы туралы айтып арызданады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жағдай қазір балалар омбудсменінің бақылауында.

Анықталғандай, қыздың өтініші бойынша 2008 жылы туған М.Ш. (қыз) және 2010 жылы туған Н.Ш. (қыз) анасы 2018 жылы қайтыс болған. Содан соң әкесінің тарапынан  зорлық-зомбылық басталған. Әкесі қыздарының ар-намысына нұқсан келтіретін балағат сөздер айтып, түрлі әдіспен жыныстық сипатта алымсақтық жасаған. Қызды бірнеше жыл бойы үздіксіз ұрып-соғып келген.

М.Ш. және Н.Ш. үйден бірнеше рет шығып қашуға оқталған. Ол уақытта немерелеріне әжесі іздеу слаып отырған. Қазір іс мұқият зерделеніп жатыр.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған М.Ш. және Н.Ш. Қауіпті әлеуметтік-құқықтық жағдайда болғандықтан, олар Қашқадария облысы Ішкі істер министрлігіне қарасты кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету орталығына орналастырылған. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Қосымша ақпаратnfh кейінірек жарияланады.