Bugin

“Аты-жөнін анықтау мүмкін емес”: ұшақ дөңгелегіне жабысып барған жолаушы үсіп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Лондонның Гатвик әуежайына қонғанда ұшақ шассиіне арналған қуыстан қатып өлген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгісіз жолаушы Ұлыбританияға Гамбиядан TUI әуекомпаниясының ұшағымен жеткені анықталды. Ол ұшақтың дөңгелегінен ұстап барамын деп ойлаған. 

Дегенмен істі тергеу амалдары әлі де жалғасып жатқан көрінеді. Себебі қаза болған адамның аты-жөнін анықтау мүмкін болмаған. 20-30 жас шамасындағы адам аяғына шұлықсыз сандал, ал үстіне спорттық костюм киген екен. Алайда өзімен бірге құжаттары болмаған.

Ол Африка елінен Еуропаға заңсыз көшуге тырысқан болуы мүмкін. Дегенмен 50 градустан төмен температурада 6 мыңға жуық шақырым ұшып барған жолаушы үсіп өлген.