Bugin

"Найзағайдан": Алматыда жеке тұрғын үй өртенді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан скрин

Алматыда тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

28 наурыз күні қалада дауыл тұрып, найзағай ойнады. Ауа райының күрт өзгеруінен сағат 18:10-да тұрғын үй өртенді.

Жеке тұрғын үй Ұлжан-1 шағын ауданындағы Ақжазық көшесінде болды. Баспананың шатыры өртке оранған.

Өртке куі болғандар қызыл жалынның себебін найзағайдың түсуі дегенді алға тартады.