Bugin

“Күнде өлуді ойлаймын”: 16 жастағы бойжеткенді әкесі зорламақшы болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға келген хаттардың бірінде 16 жастағы бойжеткен жантүршігерлік жағдайымен бөліскен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бойжеткеннің айтуынша, әкесі ол ұйықтап жатқанда бірнеше рет тиіскен. Ішіп келсе де қыздың жанына жатып алатын болған. Ал қыз бұл жағдайды анасына айтуға қорқады. 

"Таңертең оянғанда түндегінің бәрі түсім болса екен дедім. Бірақ олай болмай шықты. Содан кейін тек жылай бердім. Әр түні құдайдан "түнім тыныш өтсе екен" деп тілеп шықтым. Әкемнің не істегенін біліп тұрсам да, тамағын істеп беріп, бетіне өтірік күліп жүрдім",- дейді ол.