Bugin

Елімізге белгілі жазушы қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Мемлекет басшысы жазушы Сәбит Досановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады. Көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланды. Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.