Bugin

"Бұл өте қорқынышты": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қысым көріп жатқанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевтан қысым көріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Еске сала кетейік, 3 сәуір күнгі сотта "Гастроцентрдің" экс-директоры Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың қысым көрсетіп жатқанын айтқан болатын.

Назым Қаһарман Instagram желісіндегі парақшасында өзіне де қысым жасалып жатқанын айтты.

"Жалғыз Бақытжан Байжановқа ғана емес, маған да қысым көрсетіп жатыр! Бұл өте қорқынышты. Сот Бақытжанды Қуандықтан бөлек отырғызады деп сенемін", — деп жазды Назым Қаһарман.