Bugin

Бишімбаев ай сайынғы табысы қанша екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғарғы сот

Сотта Қуандық Бишімбаев ай сайын қанша қаражат табатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұған дейін Бишімбаев Салтанатқа ай сайын 4 миллион теңгеден аударғаны туралы айтқан. Осыған байланысты жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова одан айына қанша табыс тапқанын сұрады. Экс-министр алдымен ресми жалақысын айтты.

"Мен ресми түрде жұмыс істеген жерде айлығым 1 миллион теңге болды. Бұл – жалақым. Ал ай сайынғы табысым мейрамханың кірісіне қарай 8-15 миллион болған", - деді Бишімбаев.

Бишімбаев "BAU" мейрамханасының қожайыны екенін растады. Ал мейрамхана орналасқан Гастро орталықта анасының үлесі бар.