Bugin

Футбол алаңына қатты найзағай түсіп, оқушылар зардап шекті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kp40.ru

Матч кезінде футбол алаңына найзағай түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Metro басылымына сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдай Жапонияда болған.

Елдп 3 сәуір күні Миядзаки қаласында университет аумағындағы футбол алаңында болғаны анықталып отыр. Дәл сол сәтте екі мектептің оқушылары футбол ойнап жүрген көрінеді.

Салдарынан 18 оқушы түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен.

Қатты жарақаттан зардап шеккен екі бала өлім аузынан аман қалғаны айтылды. 

Оқыс жағдай Тайвань аумағында болған жер сілкінісінен бірнеше сағат өткен соң орын алыпты.