Weekend

Қырғыздар Алматыға келмей ме?

Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
16-21 сәуір аралығы Ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының инстаграм желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. 
Чемпионат қарсаңында Қырғызстан «Көкбөрі» федерациясының жаңадан сайланған президенті И. Қадырқұлов бастаған топ Алматы қаласында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Б.Тілеуханмен кездесті.
Кездесуде Бекболат Қанайұлы екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы айта келе, ұлттық спорт саласын халықаралық деңгейге көтеру үшін бірігіп қызмет етуге шақырды.
Сондай-ақ жиында көкпардың халықаралық ережесіне қатысты сұрақтар да кеңінен талқыланды.
Атап өтейік, осыған дейін қырғыз федерациясының жаңадан сайланған басшысы көкпардан өтетін барлық жарыстардан қалмау қажеттілігін мәлімдеген.
Бүгінгі күнге дейін қырғыз елі тарапынан көкпар, аударыспақ пен теңге ілу спорт түрлерінен І Азия чемпионатына қатысу ресми өтінімі түскен жоқ.