Bugin

“4 күн болған”: Құлсарыда жоғалған әкесі мен ұлының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Құлсарыда су басқан үйін көруге шығып, із-түссіз кеткен әкесі мен ұлы төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Диана Нұржауова әкесі Болатбек Ермекбаев пен ағасы Асылхан Нұржаудың әлі табылмағанын айтты. Оның айтуынша, олар төрт күн бұрын резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткен, бірақ әлі күнге дейін хабар жоқ. Көліктері дүкеннің жанынан табылған. 

Диана Нұржауова ТЖД өкілдеріне, полицияға хабар бергенімен, ешқандай көмек болмағанын айтады. 

"Полиция өкілдері осы аймақты күзетуі керек. Себебі менің әкем мен ағам секілді қанша адам үйлерін қарау үшін кетіп жатыр. Олар да ойда-жоқта жазым болуы мүмкін ғой? Тілшілерге мән-жайды айтқан соң ғана құзырлы органдар қимылдай бастады",-дейді Диана Нұржауова.