Bugin

“Жаңбыр, су деңгейінің көтерілуі”: алдағы 2 күнге ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Синоптиктер 2024 жылдың 10-12 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеруі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Алдағы күндері республикамыз бойынша қатты жауын-шашын мен жел болып, салдарынан су деңгейінің көтерілу қаупі жоғарылайды.

Синоптиктердің мәліметінше, 10 сәуірде Ақмола облысында түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Болашақта су деңгейі жоғарылай түседі деп күтіледі.

Ведомство су қауіпті межеден асқан кезде өзен жағасында және оның ағысы бойынша төмен орналасқан елдімекендерді, шаруашылық нысандарды, жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталатынын ескертті.