Bugin

Еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

"Қазгидромет" РМК мамандары 14-16 сәуір аралығында Қазақстанның үш мегаполисі: Астана, Алматы және Шымкентке ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 14 сәуірге арналған дауылды ескерту жарияланды.

Астана

14 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°C, күндіз: +14...+ 16°C.

15 сәуір: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°C, күндіз: +8...+10°C.

16 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде соққан желдің жылдамдығы - 5-10 м/с, күндіз - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°C, күндіз: +13...+15°C.

Алматы

14 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 1 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+ 9°C, күндіз: +18...+20°C.

15 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +18...+20°C.

16 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, аракідік найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +13...+15°C.

Шымкент

14 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел тұрады. Желдің жылдамдығы - 1 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +21...+23°C.

15 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +19...+21°C.

16 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +20...+22°C.