Bugin

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда жол апаты болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Екі мопед пен жол талғамайтын көлік соғысып, салдарынан 1 адам оқиға орнында көз жұмды.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының 13 сәуір күні сағат 19:20 шамасында Төле би мен Шәріпов көшесінің қиылысында болғанын мәлімдеді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, мопедтердің бірі көше қиылысында бағдаршамың тыйым салынған түсіне қарамастан шығып кеткен. Салдарынан 2003 жылы туған азамат сол жерде көз жұмды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.