Bugin

“Үлгілі отбасы едік”: әйелін аяусыз ұрған еркек бейнеүндеу жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Алматыда бұрынғы әйелін аяусыз ұрып, телефонын сындырған еркек бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде белгісіз ер адам әйелдің телефонын сындырып, содан кейін оны аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видеосы тараған болатын. 

Александр Ким есімді ер адам бұрынғы әйелі Салтанат пен оның жақындарынан кешірім сұрады. 

"Біз Салтнатпен 11 жыл бақытты өмір сүрдік. Көпшілікке үлгілі отбасы болдық. Бір-бірімізді сүйдік. Бізде жас отбасылар не армандаса, соның бәрі болды. Бірге саяхаттау, мерекелер, туған күн мен қымбат сыйлықтар. Бір шынымен бір-бірімізді сүйдік" , - дейді видео авторы. 
 

Сондай-ақ ол Салтанатты қатты ұрмағанын айтқан. 



"Мен оның телефонын сұрадым. Оның, балаларымның суретін көрейін дедім. Сол кезде Салтанат бейтаныс жігітпен тұрғанын көрдім. Өзім не болғанын түсінбедім, қызғанышқа бой алдырдым. Ашумен оның телефонын сындырдым", - дейді видео авторы.