Bugin

Жылыойда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар қанша теңге алатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 369 200 теңге көлеміндегі бір реттік әлеуметтік төлем алу үшін құжат қабылдау 12 сәуірден басталды. Қазіргі таңда ауданда 1 942 отбасы өтініш берген, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Құжаттар үш мекен жай бойынша: Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (Қабдешов көшесі, 1 үй), Жылыой аудандық Мансап орталығының ғимаратында (Махамбет даңғылы, 178 үй) және Теңіз қалашығындағы эвакуациялық пунктте қабылдануда. 

"Күні бүгінге тасқыннан зардап шеккен 1 942 отбасынан өтініш қабылданды. Жоспар бойынша 2800 отбасынан өтінім қабылдау күтілуде. Бір реттік әлеуметтік төлем алу үшін небары төрт құжат керек. Өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, банктен арнайы есеп шоттар және қала әкімдігінен берілген анықтама",- деді Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Азамат Мәмбетов.