Bugin

Жайық өзені бүгін қаншаға көтерілгені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: azattyq.org

Бүгін,  17 сәуірде Жайық өзенінің қаншаға көтерілгені белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 17 сәуірде сағат 8:00-дегі жағдай бойынша БҚО аумағынан судың келуі есебінен:    

Жайық өзені - Индербор кентінің гидропостында су деңгейі 547 см, деңгей +9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 324 см;

Жайық өзені - Махамбет кентінде су деңгейі 672 см, су деңгейінің + 8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 355 см;

Жайық өзені - Атырау қаласының гидропостында су деңгейі 396 см, су деңгейінің +9см.көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 205 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі мүмкін. 

 "17 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын көлемі 436 м3 / с құрайды, су жіберу көлемі 345 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылындағы гидробекетте су деңгейі бір тәулікте 16 сантиметрге көтеріліп, 818 сантиметрге (қауіпті шегі – 1 250 см) жеткен.

Сондай-ақ Жайықтың деңгейі Орал қаласы тұсында 779 (тәуліктік өсім – 3 см, қауіпті шегі – 850 см), Көшімде 778 (+13, 850 см), Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында 478 (+7, 850 см) сантиметрді көрсетті.

Бәйтерек ауданы Көшім каналында су деңгейі бір тәулікте 13 сантиметрге (834 см) жоғарылап, қауіпті шектен (800 см) асып кетті.

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың айтуынша, Жайық өзені бойында орналасқан 20 елді мекенде 22 мыңдай адам тұрады.

"З сәуірден бастап су тасқынының екінші кезеңіне дайындық қызу жүргізіліп жатыр.  Аталған елді мекендерді судан аман алып қалу үшін бөгеттер тұрғызуға 3 мыңға жуық адам, 250 арнайы техника жұмылдырылды. Бұлардың ішінде Алматы қаласы мен Ақтөбе облысынан келген техника да бар. Үлкен су келген жағдайда адамдарды көшіру үшін әр ауылдық округтің мектебінде эвакуациялық пунктер алдын ала әзірленді. Январцев ауылдық округінің өзінде 5 елді мекен бар. Мұндағы тұрғындарды "Жайықмұнай" компаниясы қабылдауға дайын," - деді М.Тоқжанов.