Bugin

Су тасқыны: қай өңірге қауіп төніп тұр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Жайықтың су деңгейі 8 метрге жуықтады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазақстан арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Шаған өзені ернеуінен тасып, су қаладағы кейбір участкелерге кірді. Батыс Қазақстан облысының әкімі тасқын шарықтау шегіне қашан жететін айтты. Салдарынан бірнеше ауыл ауыз сусыз қалуы мүмкін.

Батыс Қазақстанға Ресейден мол су келеді деп күтіліп жатыр.  Соңғы дерекке сай, тасқын суды бірінші болып қабылдайтын Оралдан 60 шақырым жердегі Январцев ауылында су бір тәулікте 18 см-ге өскен. Ал қала маңында су деңгейі кешелі бері 3 см-ге көтеріліп, 779 см-ді көрсетті.